Алматыда қатты соққан желден ұшақ бұрылып кетті. Мәліметті SCAT әуекомпаниясы өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компания мәліметінше, Boeing 737 әуе кемесі тұрақта тұрған.
"Дөңгелектердің астында бекітілген техникалық талаптарға сәйкес орнатылған тежегіш қалыптар тұрды. Дауылдың қатты екпіні әуе кемесін 30 пайызға айналдырды. Бортта жолаушылар болған жоқ. Ешқандай зақым жоқ", - деп түсіндірді SCAT.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Внимание, нецензурная лексика!
Ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі де растады.
"Алматы халықаралық әуежайы 29.03.2022 жылы қатты екпінді желге байланысты әуе кемесінің бұрылып кеткенін растайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Әуе кемесі мен техникасы зақымдалмаған. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді", - деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі өкілдері.