Биыл Алматы мектептерінде 261 мыңнан астам оқушы оқып жүр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың балаға көп, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық білім басқармасы басшысы Гүлнар Қожабергенованың айтуынша, жаңа оқу жылында Бостандық ауданындағы № 105 мектеп - 300 орынға, Алатау ауданындағы № 201 мектеп-гимназиясының ғимараты 600 орынға дейін кеңейтілді.
«Жаңа оқу жылы аяқталғанға дейін Түрксіб ауданы «Нұршашқан» елді мекеніндегі 600 орындық мектеп, Әуезов ауданының «Мамыр» елді мекеніндегі 1200 орындық білім ошағының құрылысын аяқтау жоспарланған», - деді Гүлнар Қожабергенова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Сонымен қатар ол Алматыда үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ екенін атап өтті.