20 сәу, 2022 сағат 17:42

Алматыда украиналық әйел босқын мәртебесін сұрады

Фото:elements.envato.com

Алматы әуежайында Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады. Полиция қызметкерлері оған мемлекеттік шекарадан өтуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қалалық ІІД-мен бірлесіп, әйелге Алматы әуежайы арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өтуге көмектесті.

"Украина азаматшасы көмек сұраған кезде Алматы әуежайының полиция бөлімі қызметкерлері шекарадан өту кезінде туындаған мәселені шешуге, тіпті фотограф қызметін ұсынуға дейін көмектесті.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған азаматша "босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына оған босқын мәртебесін беру туралы өтініш білдірді", - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін жергілікті БАҚ зейнет жасындағы Украина азаматының Алматы әуежайында төрт сағат бойы тұрып қалғанын хабарлаған болатын.