Алматыда троллейбустың артқы бөлігіне жабысып алған адам көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Видео Іnstagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған.
Полиция бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.
«Мұндай әрекеттер - жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу саналады. Ол құқықбұзушының өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Бұл – дұрыс тенденция емес. Полиция ондай басбұзарлыққа жол беріп қоя алмайды. Жақын арада осы дерек бойынша шара қабылданып, экстремал жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.