Фото: ПД баспасөз қызметі
Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасынан троллейбус жүргізушісі қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07.10-да Kia маркалы көлігін тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Шаляпин көшесі бойымен батыс бағытта келе жатып, көшенің жүріс бөлігінде тұрған троллейбус жүргізушісі - К. есімді азаматты қағып кеткен. Апат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.