13 қаз, 2022 сағат 12:27

Алматыда танымал заңгерді пышақтап кетті


Алматыда танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 8 қазан сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. есімді әйел 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болған.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында" - делінген хабарламада.