Медеу ауданында екі көше қиылысы жабылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы жабылады:
- 15 шілде сағат 22.00-ден 16 шілде сағат 06.00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында;
- 16 шілде сағат 22.00-ден 17 шілде сағат 06.00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысында.
"Көшелердің көлік жүретін бөлігі астынан өтетін магистраль құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.