20 там, 2019 сағат 13:11

Алматыда тағы бір жаңа арт-нысан пайда болды

Алматының «Көктөбе» ойын-сауық саябағында алма пішіндегі арт-нысан пайда болды. Жеміс мүсінен кино көруге болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Инновациялық жоба – металл мен ағаштан жасалған ерекше қондырғы. Алманың өзегінде Led-экран орнатылған. Онда «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Қазақстан туралы мұрағаттық фильмдерді үздіксіз көрсетеді.

Авторы - Максим Брусиловский. Өнер нысаны заманауи элементтермен ерекше. Led экран көк түсті металдан жасалған. Футуризмнің негізгі элементтері ХХІ ғасырдағы қаланың өмірін бейнелейді, ал мұрағаттық фильмдер – Алматының бұрыңғы келбетін еске түсіреді.

Арт-нысанның экранында - отандық режиссерлер Шәкен Айманов, Қуат Абусейітов, Мәжит Бегалиннің туындылары көрсетіледі. Олардың қатарында 1948 жылғы «Алтын мүйіз», 1966 жылғы «Әкелер жері», «Өмір жолы», 1959 жылғы «Бұл шұғылада болды» және тағы да басқа фильмдер бар. Жалпы, «Қазақфильмнің» алтын мұрағатынан 10 туынды енгізілген.

"Кино мен деректі фильмдер көрсететін бұл арт-нысан қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды" деп сенеді идея авторы Максим Брусиловкий.