06 қаз, 2024 сағат 18:15

Алматыда тағы бір Олимпиада жүлдегері референдумға қатысты


Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев референдумға қатысты. Спортшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Ле секілді Астана қаласында жарыстарда жүргенде таңдауын жасады.

«Референдум – әрбір азаматтың дауысы маңызды саналатын демократияның маңызды құралы. Мен бұған бей-жай қарамайтын қазақстандықтар секілді еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Баршаңызды азаматтық парызыңызды орындауға шақырамын», – деді Ислам Сәтбаев. 


Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай, танымал боксшы Ермахан Ибраимов, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов және т.б спортшылар дауыс берген болатын.