23 қаң, 2020 сағат 08:45

Алматыда сот төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасын пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 22 қаңтарда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты Бас прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісімі алынды.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.