Алматының Алмалы аудандық сотында Қырғызстан мен Түркия арқылы Сирияға өтіп кетпек болған «салафизм» радикалды діни ағымының өкіліне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол «Джабхат ан-нусра» террорлық ұйымының соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға бармақ болған.
Сот үкімімен М. есімді айыпталушыға ҚР ҚК 24-бабының 1-ші бөлігі, 257-бабының 2-ші бөлігі бойынша айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның жеке мүлкі тәркіленеді және ол орта деңгейдегі қауіпсіздік жүйесіндегі қылмыстық-түзеу мекемесінде жазасын өтейді.
Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2017 жылғы 1 тамыздағы қаулысымен оған қатысты Алмалы аудандық соты шығарған басты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.