Фото ашық дереккөзден алынды
Алматыдағы Шымбұлақ аумағында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы қалалық ТЖД қызметіне сілтеме жасап.
Алматы ТЖД мәліметінше, сағат 12: 33-те "Эдельвейс" қонақүйі ауданындағы Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Көлемі 700 текше метр көшкін Шымбұлақ-Тұйық Су жолында тоқтап, оны жауып тастады. Қаза болғандар, зардап шеккендер мен қирату жағдайлары болған жоқ. Жолды тазалаумен "Қазселденқорғау" техникасы айналысады.
"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" осы уақытта таулы аймаққа бармауды, тік қарлы беткейлерден сақ болуды, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаудан асып кетпеуді ұсынады", - делінген хабарламада.