23 мау, 2022 сағат 18:07

Алматыда «Сергек» бейнекамераларының саны артады


Алматының Алмалы ауданында «Сергек» бейнекамераларының саны 1 069-ға дейін артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, шаһардың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сол үшін қалада алдын алу шаралары қолға алынуда. 

«Биылғы жылдың соңына дейін ауданда «Сергек» камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Адамдардың жаппай жиналатын орындарға қосымша 541 бейнекамера, оның ішінде 200-і аулаларда, 118-і саябақ, алаңдарға және 223 қиылыстарға орнатылады. Бұл ретте айта кетейін, бұрын бюджет есебінен аулаларда камералар орнатылмаған болатын», - деді Алматы әкімі.