Шомылу маусымы басталғалы бері Сайран көлінен 8 адам құтқарылды, оның екеуі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері белгіленбеген орындарда суға түскені және су айдындарында спирттік ішімдік ішкені үшін 24 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы - 87000 теңге.
13 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 364-бабына сәйкес «Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» бойынша жазаланды.
ҚР ӘҚБК 440-бабына сәйкес 11 адамға «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша айыппұл салынды.
Сонымен қатар, құтқарушылар Сайран көлінен 8 адамды құтқарды, оның екеуі — бала.
Алматы қаласының ТЖД жалпы су пайдалану ережелерін бұзбауға және тек қаланың рұқсат етілген жағажайларында шомылуға кеңес береді.