Алматыда Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйінен адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Назарбаев даңғылындағы «Ramstore ALL IN» сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері күдік тудырған затқа байланысты эвакуацияланды.
Оқиғаның суреттері мен видеолары әлеуметтік желіде пайда болды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына бірінші болып қаланың төтенше жағдайлар департаменті мен патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Олар ғимаратты қоршауға алып, адамдарды сыртқа шығарды.
«Мамандар қалдырып кеткен дорбаны зерттеді. Оның ішінен жарылғыш құрылғыға ұқсайтын заттар табылды. Бұл әдейі жасалған. Шындығында, олар ешқандай қауіп төндірмеді. Қазір нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Полиция оны тастап кеткен адамның жеке басын анықтауға кірісті», - деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, ғимаратта коммерциялық нысандар, банк филиалдары, кеңселер де орналасқан.