Алматыда кеше полиция көлігі қарт әйелді қағып кеткен болатын. Бүгін әлеуметтік желіде сол көлік оқиғасының видеосы пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Видео оқиға орнынан өтіп бара жатқан көліктің видеорегистраторына түсіп қалған. Онда Төле би көшесінің тыйым салынған тұсынан жолды кесіп өтпек болған қарт әйелді полиция көлігі қағып кетеді.
Естеріңізге салайық, 4 қыркүйек күні таңертең полиция көлігі әйел адамды «Тастақ» базарының маңында қағып кетті.
Жәбірленушінің жағдайы ауыр.