Алматы орталығындағы жолайрықта заңсыз саудамен айналысқан әйел, саудаға тыйым салған полицейлердің әрекетіне наразылығын айтып, көлік астына түсті. Оқиғаға YouTube желісіндегі танымал LIFE.KZ арнасының блогері Ринат Қибраев куә болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көше саудагерлері Алмалы аудандық полицейлерінің әрекетіне наразы", - дейді блогер.
Видео авторы Алматыдағы күрделі экономикалық жағдайға байланысты көшеде сауда жасауды заңдастыруды ұсынды. Блогердің айтуынша, әлемнің бірқатар қалаларында осындай саудаға рұқсат етілген.