27 қыр, 2019 сағат 09:06

Алматыда перзентхананың бас дәрігері 200 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

Алматы қаласының шаруашылық жүргізу құқығындағы №1 қалалық перзентханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі №1 қалалық перзентхананың бас дәрігері Н. К. Ракишеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол аталған перзентханада фото және бейнетүсірілім қызметін еш кедергісіз жүргізген ЖШС директорынан 200 мың теңге пара алды, сондай-ақ Алматы қалалық мемлекеттік активтер басқармасына келісімшартты бұзу туралы хат жібермеді деп айыпталған еді.

26 қыркүйекте Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Н. К. Ракишеваға пара алғаны үшін 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынды.