11 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшылар бірден алты титулды айқас өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кештің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3КО) британдық Стивен Уордпен (13-1, 4КО) бірінші ауыр салмақтағы бос WBA Gold чемпиондық титулы үшін айқасады. Кештің тағы бір маңызды айқасында Сұлтан Зауырбек (11-0, 7КО) WBO European чемпиондық белдігі үшін жұдырықтасады. Ол британдық Райан Уилермен (16-1-1, 0КО) айқасады. Талғат Шайкен (6-0, 4КО) украиналық Владимир Гордиенкомен (9-3, 4КО) кездеседі – олар жартылай орта салмақтағы WBC «жастар» белдігі үшін айқасады.
Басты кард алдында Еділ Қожамбердиев (10-2, 10КО) түрік Хамза Гюнешпен (6-0, 4КО) жекпе-жекке шығып, крузервейттегі UBO Inter-Continental белдігі үшін таласады. Сонымен қатар Қазақстанның Кәсіби бокс комиссиясы чемпионы белдігі үшін қазақстандықтар арасында екі титулдық жекпе-жек өтеді: Алдияр Аманжолов (2-1, 1КО) - Бектас Қасенай (7-1, 2КО), Ділшат Нұрым (2-0, 1КО) - Наурызғали Нұрмұхаметов (1-0, 1КО).