17 нау, 2022 сағат 18:10

Алматыда наурыз айының соңғы он күні жауын-шашынды болады – Қазгидромет


Алматыда наурыз айының соңғы он күні жылы және жауын-шашынды болады. Қазгидромет наурыз айына консультативтік болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, көктемнің алғашқы айындағы орташа температура +5 градус болады, бұл климаттық нормадан 2 градусқа жоғары. 

«Бірінші онкүндікте түнде ауа температурасының ауытқуы болды -3-8°С-тан -3+2°С-қа дейін, күндіз +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін.

Екінші онкүндікте ауа температурасының жоғарылауы болжануда түнде -3+2°С-тан +2+7°С-қа дейін, күндіз +9+14°С-тан +14+19°С-қа дейін. Кейін ауа температурасы түнде -7-12°С, күндіз +4+9°С дейін төмендейді. 

Үшінші онкүндікте ауа температурасының жоғарылауы күтілуде түнде -2+3°С, күндіз +12+17°С дейін. Содан кейін температура төмендейді түнде -2-7°С, күндіз +7+12°C дейін төмендейді», - деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Қисебаев.

Алматыда наурыз айының соңында күн жылынады. Ауа температурасы түнде +1+6°С, күндіз +13+18°С дейін көтеріледі.

«Осы айдағы жауын-шашын нормаға сәйкес болады деп күтілуде (норма: 76 мм). Кей күндері жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с. Наурыз айында жиі тұман түседі. Жалпы, көктемнің алғашқы айы жылы және жауын- шашынды болады деп күтілуде», - деп қорытындылады «Қазгидромет» РМК өкілі.