Фото: Tengrinews.kz оқырманынан
Алматыда мопед жүргізушісі арбада отырған баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан үш жасар қыз зардап шеккен. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2020 жылы туған бала 1 қарашада Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.
"Бала бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Миы шайқалған. Сол жақ самай аймағы, сол жақ маңдай-жақ аймағы көгерген.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа ауыр, тұрақты", - делінген хабарламада.
Еске салайық, жол апаты 1 қарашада кешке Сәтбаев пен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Велосипед жолымен келе жатқан мопед жүргізушісі балалар арбасын қағып кеткен.