Алматы облысындағы мектептердің бірінің түлектері Алматыдағы Президент саябағында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында пайда болды.
Алматы ІІД мамандарының айтуынша, жанжал сол жерде шешілді.
"Төбелестің Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің сыныптастары арасында болғаны анықталды. Жанжал мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің және сол маңда қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген ювеналдық полиция қызметкерлерінің көмегімен сол жерде шешілді. Жасөспірімдер бір-біріне тағар айыптарының жоқ екенін айтты. Оқушыларды қарап жүру бойынша мұғалімдермен де жұмыстар атқарылды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, кеше 2 мыңнан аса полицей мектептердің маңында жүріп, кешке саябақтар мен гүл бақтарда кезекшілік атқарған.