© Sputnik / Абзал Калиев
Алматы прокурорлары қаладағы мектептердің бірінде 46 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қала прокуратурасының мәліметінше, мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған еңбекақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.
"Аталған дерек бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге және 7 жылға бас бостандығынан айырылды" - делінген ведомство хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.