11 қаз, 2019 сағат 08:32

Алматыда «Мега» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр

Осы уақытта Алматы полициясы «Мега» сауда, ойын-сауық орталығынан адамдарды қауіпсіз жерге шығарып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан «Мега» СОО-дан күдік туғызатын зат табылған. Қазір қаланың шұғыл және жедел қызметтері бұл затты тексеруде.

Партуль экипажы ғимараттағы келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялап, көліктерді қашық аймаққа шығарып жатыр.

Полиция қала тұрғындарына сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздері таратқан мәліметті басшылыққа алуды сұрады.