Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Бас консулы Евегений Бобровпен кездесті. Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл туралы Алматы әкімі өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
«Алматыдағы Ресейдің Бас консулы Евгений Бобровпен өңіраралық ынтымақтастық перспективаларын талқыладық. Мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланысты нығайтамыз. Қараша айында Алматыда Мәскеу күндері мен Санкт-Петербургтің гуманитарлық-іскерлік миссиясы өтетін болады. Жан-жақты қолдау көрсетеміз»,-деп жазды шаһар басшысы.