Алматыда медициналық маска бағасы реттелді. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Маска бойынша қазір қалада 48 ірі дәріхана желісі анықталды. Оларға күн сайын 80 мың маска жеткізіліп тұрады. Бүгін 50 мың маска жеткіземіз», - деді С.Тұяқбаев.
Оның айтуынша, қазір әкімдік төртжақты келісім жасасқан. Өндіруші «Дольче фарм» компаниясы, әкімдік, фармацевтикалық бақылау департаменті, дәріханалар желісі маскаларды өндіру мен жеткізу, баға саясаты бойынша уағдаластыққа келді.
«Енді 3 қабатты маска - 87 теңгеден, көмір фильтрі бар маска - 111 теңгеден сатылатын болды. «Дольче фарм» компаниясы қазір екінші өндіріс желісін іске қосты. Маска саудасы дәріханалардағы камера арқылы бақыланады», -деді қала әкімінің орынбасары.