16 там, 2023 сағат 12:15

Құны 7 миллиард теңге жер телімдері мемлекетке қайтарылды

© Фото Максима Золотухина

Құны 7 миллиард теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтаған.

"2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесін "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сот шешімі күшіне енген жоқ.