Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
Әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңге болатын жер телімін мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 гектар жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен.
Алайда бұл учаске 7 жылдан аса уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.
24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев