Алматыда құлаған ұшақ апаты бойынша шұғыл желі іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда «Алматы –Нұр-Сұлтан» бағытымен ұшып бара жатқан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы тұрғын үй секторы маңына құлады.
Ұшақ бортында – 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Оқиға орнында құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметшілері жұмыс істеп жатыр.
Үкімет арнайы комиссия құрды. Эвакуация жүргізіліп жатыр.
Жедел қызмет қызмет ету штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр:
8 (7172)53-32-84,
Алматы облыстық ТЖД - 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД - 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47