Алматыда КТК телеарнасының операторы Олжас Белгібаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы жоғалған ер адамның әкесі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Жақындарының мәліметінше, Олжас Белгібаев осымен бесінші тәулік іздестіріліп жатыр. Сенбі күні киноға кеткеннен сол күйі оралмаған. Досының айтуынша, Олжастың телефоны сөндірулі. Интернетке соңғы рет сенбіден жексенбіге қараған түні кірген.
Олжас Белгібаевтің әкесінің айтуынша, олар полицияға арыз қалдырған.
Ал әріптестерінің айтуынша, әлеуметтік желілерде хабарламалар жарияланып, іздестіру жұмыстарына еріктілер көмектесіп жатыр.