18 нау, 2020 сағат 08:46

Алматыда қозғалысқа қатысты шектеулерді сақтамағандар жазаланады

Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режімінің талаптарын нақтылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Төтенше жағдайға байланысты талаптарды бұзған адамдарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза қолданылады. Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің талабына бағынбағандарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі», - деді Қанат Таймерденов. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, азаматтардың сұрақтарына жауап беру үшін Call centеr 254 40 07 іске қосылды.

Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режімі енгізіледі. Соған байланысты Алматыда азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп, шығуын шектеу үшін 27 блок бекет орнатылады.