Биыл Алматыда «Сергектің» қосымша 360-тан астам посты орнатылады, деп хабарлайды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram -дағы парақшасында.
«Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 постысы жұмыс жасай бастады. Алғашқы 22 күн ішінде 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді. Нәтижесінде осы күндер ішінде жол көлік оқиғасы 11,6%-ға төмендеген», - деп жазды қала әкімі.
Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қалада қылмыс 38%-ға қысқарған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады, оның ішінде жолдар мен қалалықтар көп жиналатын жерлерде видеобақылау мониторингі жүйесі кеңінен қолданылатын болады.
«Биыл «Сергектің» қосымша 360-тан астам постысын орнатуды жоспарлаудамыз. Әр жыл сайын қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалайтын автоматты видеобақылау жүйесінің үлесі артатын болады», - деп жазды қала әкімі.