26 шіл, 2020 сағат 10:45

Алматыда көрші тұрған екі кафеде түн жарымында қонақтар көңіл көтеріп жүр

Алматыда жапсарлас орналасқан екі дәмхана түн жарымында қонақ қабылдап, қызмет көрсеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл орындар Алмалы ауданында Шевченко көшесінің бойында орналасқан. Түнгі рейд кезінде «Веселидзе» кафесінде - 30 қонақ, ал қабырғаның ар жағындағы «Баку бульвары» дәмханасында 60 адам көңіл көтеріп жатқаны анықталған.

Аталмыш субъектілердің иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы заңнама талаптарын және гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша хаттама толтырылды. 

Жиналған әкімшілік материалдар шешім қабылдау үшін Алмалы ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады.