19 нау, 2020 сағат 06:28

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 18 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты. 

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді», делінген хабарламада.