Алматыда коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқан адамдардың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Балалардың да, ересектердің де жағдайы қанағаттанарлық. Ешқандай шағымы жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратына ешбір пациент қосылған жоқ», - деді Т.Әбілдаев.
Бұл азаматтармен байланыста болған адамдардың барлығы карантинге жатқызылған.
Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 27-ге жетті. Оның 16-сы - Нұр-Сұлтан қаласында болса, 11-і - Алматы тұрғындары.