11 нау, 2019 сағат 12:13

Алматыда көпбалалы отбасылардан баспанаға өтініш қабылдау басталды

Алматыда «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бақытты отбасы» бағдарламасының ресми сайтында бюджеттік ипотеканы алудың барлық шарттары, тапсырылатын құжаттардың тізімі мен өтінім беру жолдары көрсетілген.

Бағдарламаға коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Негізгі шарттары:

  • «ТҮҚЖБ» АҚ-да қарыздың сомасы –15 млн. теңге;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй бағасынан 10%;
  • Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2%;
  • Сатып алатын тұрғын үй – бастапқы нарықтағы тұрғын үй;
  • Сатып алатын тұрғын ұй бағасы – шектеусіз.

Өтініштерді және құжаттарды беру портал арқылы жүзеге асырылады. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚКО-дан алуға болады.

Қатысушылар тұрғын үйді пайдалануға жаңадан енгізілген кешендерден бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.

Айта кетейік, бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге жұмсалмақ.