Алматыда жалпы сомасы 550 мың доллар және 26 910 еуро болатын қаражатты шетелге заңсыз шығару әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
"Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы халықаралық әуежайында жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары мен 26 910 еуродан астам қаражатты жария етпеу бойынша 2 қылмыстық құқық бұзушылық және 20 әкімшілік факті анықталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда" - делінген хабарламада.
Агенттік шетелдік валютадағы қолма-қол ақша және ақша құралдары 10 000 АҚШ доллары баламасынан аспауы керек екенін еске салды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.