Алматыда тау баурайындағы табиғи өрт тоқтар емес. Енді Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «101» пультіне сағат 18:58-де Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түскен.
«Тұтанған табиғи өртті сөндіруге өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді», - деді ведомстводан.
Айта кетейік, бұдан бөлек, бүгін таңғы сағат 11:08 шамасында Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп жана бастаған еді.
Ал Кеңсай зираты аумағында тұтанған табиғи өртті сөндірумен қазір 100-ден астам адам айналысып жатыр.