21 там, 2023 сағат 14:05

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсті

көрнекі фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктерде, яғни автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соған орай картамен немесе SMS код арқылы төлегенде, 100 теңге болса, қолма-қол төлеу кезінде жолақысы 200 теңгеге жетті. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді.

Тегін жүруге кімдер құқылы?

  • ҰОС қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі жандар,
  • 75 жастан асқан зейнеткерлер,
  • бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар,
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар,
  • басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері,
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?

50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңге болады. Оған мына адамдар құқылы:

  • жалпы білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушылары,
  • техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары,
  • күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
  • зейнеткерлер,
  • көпбалалы аналар,
  • он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланған еді.