Алматылық Toyota Camry көлігімен такси қызметін ұсынған. Ол кезекті бір тапсырыс кезінде клиент тарапынан пышақ шабуылына ұшыраған. Сонымен қатар көлігінен де айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға биыл 12 наурызға қараған түні Түрксіб ауданында болған. Жүргізушінің таныстары әлеуметтік желілерде осы оқиға туралы айтып берген.
"Тапсырыс түскен: клиенттерді әуежайға апару керек болған. Жүргізуші шақырған орынға келген, чемодандар мен сөмкелері бар адамдарды көлікке отырғызған. Барлығы тыныш болған, көлік ШААЖ бойынша жүрген. Содан кейін жүргізуші Бұқтырма көшесіне бұрылған.
Экобекет маңында клиенттер Нұршашқан шағынауданы арқылы жүруін сұраған. Олар жолда көлікті тоқтатуын өтініп, сол кезде клиенттердің бірі жүргізушіге 6-7 рет пышақ сұғып алған. Әрі қарай жоспар бойынша жүргізушіні сол жерде қалдырып, көлікті айдап әкеткен", - делінген басылымда.