"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып қайтыс болған 50 жастағы ер адамның оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Бүгін, 2017 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласы Алатау аудандық ХҚКО-да 1964 жылғы азамат Құнтақов Жарас Нұрқыбайұлының қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Жарас Нұрқыбайұлы ХҚКО-ға 9.30-да "Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметін алу үшін әйелімен бірге келді, бұл уақытта ХҚКО-да адамдар көп болмаған. Ол бірыңғай электронды кезекке талон алып үлгермеген әйелі бланк толтырып жатқан, 09.42-де азамат әлсіреп, оған ХҚКО-да кезекшілікте отырған медициналық жұмысшы жедел медициналық көмек көрсетті. 9.52-де жедел жәрдем келіп жетті, алайда Жарас Нұрқыбайұылын құтқару мүмкін болмады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нұрқыбайұлының жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - делінген ресми мәлімдемеде.
Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы созылмалы аурумен ауыратын азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарына қарбалас кезде келмеуді кеңес етіп отыр. "Мүгедектерге, жүкті әйелдерге ХҚКО-ларда жеңілдік-терезелері жұмыс істейтінін еске саламыз, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер ХҚКО қызметкерін 1414 нөмірі бойынша үйіне шақырта алады", - деді ХҚКО өкілдері.
Еске салайық, оқиға бүгін, таңғы 10.00 шамасында болған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, 50 жастағы ер адам уақытша тіркеу бойынша кезекте тұрған. Бір сәтте ол құлап түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі сыр берген.
Еске салайық, осыған дейін де мұндай жағдай Алматы облысында ХҚКО-сында болған. Боралдай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген 59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек мекемеден шығып, көлігіне отырған кезде жүрегі тоқтап қалған.