Алматыда көші-қон орталығы алдындағы кезек видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Видео Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.
"Алматыдағы көші-қон орталығы. Адамдар еңбек министрлігінің жаңа бағдарламасы үшін екінші күн құжаттарын тапсыра алмай жүр. Еңбек министрлігінің кесірінен адамдарда құжат мерзімі өтіп, айыппұл салынып жатыр", - делінген видео сипаттамасында.
"ҚР көші-қон ХҚКО-ларында Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға немесе рұқсатын ұзартуға ниет білдірген еңбекші иммигранттардың маусымдық толқыны байқалады. Бұл қызметті бұрын ІІМ көрсеткен, бірақ 2021 жылдың 16 мамырынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілген. Осы себепті, кейбір жағдайларда клиенттердің төлқұжат деректерін түзету қажет.
Біз көші-қон ХҚКО-ларында қызмет көрсету процесін жеделдету үшін бар күшімізді саламыз. Құжаттарды қабылдайтын қызметкерлер саны ұлғайды. Клиенттерден осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі өкілдері.
721 рет оқылды