
2020 жылдың 12-16 ақпан күндері «Арман» кинотеатры мен Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы халықаралық кинофестивальдерден орын алған фильмдерді көрсетеді. Олардың ішінде Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» түсірген төрт картина бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кинокомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 ақпанда көрермендер Әбіш Кекілбаевтың повесі желісі негізінде режиссер Жаңабек Жетіруов түсірген «Шыңырау» фильмін көрсетеді. Фильмде Еңсеп есімді кейіпкердің құдық қазу туралы оқиғасы баяндалып, бақталастық, мақтаныш, махаббат, достық, сатқындық сынды өмір оқиғалары баяндалады.
Өткен жылдың басында Даккада (Бангладеш) өткен 17-ші Халықаралық кинофестивальде кинорежиссер Ривкат Ибрагимовтың бұл фильмдегі жұмысы Азия кинофестивалінде үздік деп танылды. Сонымен қатар, Жетіруовтың аталмыш картинасы «Фаджр» халықаралық кинофестиваліне (Иран), 28-ші «Алтын қораз бен жеті түс» кинофестиваліне (Қытай), АҚШ-та өткен Asian International Film Festival Arizona фестиваліне, Жайпурда (Үндістан) өткен 2-ші Каарят халықаралық кинофестиваліне қатысқан.
14 ақпанда көрерменге Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбеков атты режиссерлердің бірлесе түсірген «Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасы ұсынылады. Картина церебральды сал ауруы диагнозымен өмір сүретін Әсел есімді қыздың күрделі тағдыры, оның армандары, махаббат және отбасы туралы баян етеді.
Бүгінгі таңда фильм бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысып үлгерген. Фильм келесі марапаттарға ие болды: «Үздік актриса үшін» сыйлығы (Динара Шәріпова), Ромфорд кинофестивалі (Лондон, Ұлыбритания), қоғам қайраткері Карине Хабированың «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясындағы арнайы сыйлығы және Башқұртстан Республикасы Отбасы және еңбек министрлігінің «Арманды жүзеге асырғаны үшін» арнайы сыйлығы (актер Тахир Умаров), IV Халықаралық «Күміс Ақбузат» кинофестивалі (Уфа, Ресей), «Барселона» Азиялық кинофестивалінің «Панорама» бөліміндегі «Үздік фильм» сыйлығы (Барселона, Испания).
15 ақпанда алматылықтар 41-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет Гран-при жеңіп алған Фархат Шәріповтың «Жеке жетілу тренингі» фильмін көре алады. Сондай-ақ, картина XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде Гран-приге ие болған.
Фильмнің әлемдік таныстырылымы 2018 жылы 23-ші Бусан халықаралық кинофестивалінде «Азия кинотеатрындағы терезе» конкурстық бағдарламасында өтті. Сол жылы фильм Алматыда өткен 14-ші Шәкен Айманов атындағы халықаралық кинофестивальде туынды қазылар алқасының арнайы сыйлығы мен NETPAC сыйлығын иеленді.
«Жеке жетілу тренингі» фильмі 40 жастағы банк қызметкері Қанат орта жастағы өмірлік дағдарысты бастан кешіру оқиғасын көрсетіп, оның ұзақ уақыт бойы ештеңе армандап көрмегені және өмірден ештеңе күтпейтінін баяндайды. Өзін және көзқарасын өзгерту әрекеті кезінде басты кейіпкер өзін-өзі дамыту жаттығуларын барып, мұнда әйгілі жаттықтырушы көшбасшылық пен сәттілік құпияларын бөліседі. Алайда. бұрыннан таныс Даниярды кездестіргенде, Қанаттың тағдыры кенеттен өзгереді.
Көрермен осы күндері «Қазақфильм» киностудиясының басқа да фильмдерін тамашалай алады.
16 ақпанда Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы трилогиясының үшінші, яғни қорытынды бөлімі көрсетіледі. Фильм өркениеттен ада қалған ағайындар туралы, олардың қалаға келгеннен кейінгі өмірлік өзгерістерін паш етеді.
«Өзен» фильмінің әлемдік премьерасы 75-ші Венециялық кинофестивальдің «Көкжиектер» бағдарламасында болып, Эмир Байғазин «Үздік режиссер» сыйлығымен марапатталды. Солтүстікамерикалық премьера Торонтодағы халықаралық фестивальде өткен еді. Картина сонымен қатар «Платформа» конкурстық бағдарламасына ұсынылып, төрешілердің назарына ілініп қана қоймай, Screen Daily рейтингінде бірінші орынға ие болды. Арада бір ай өткеннен кейін «Өзен» 12-ші «Asia Pacific Screen Awards» кешінде «Режиссура жетістігі» номинациясына ілінді. «Өзеннің» азиялық таныстырылымы Токио кинофестивалінде болды. Лос-Анжелестегі «Asian World Film Festival»-да «Өзен» төрешілердің сыйлығын иемденді. Сонымен қатар, Эмир Байғазиннің картинасы Португалиядағы LEFFEST кинофестивалінде бас жүлдені еншіледі.
