сурет ашық дереккөзден алынды
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.
«AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ға дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан компания 6 млрд. теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірген.
"Прокуратура азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін дәлелдей алды.
Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды (6 жылдан 7 жылға дейін).
Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады" - делінген хабарламада.