16 нау, 2022 сағат 17:48

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды


Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсеткен. Бұл жолғы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

"Тапаншалар, оқ-дәрілер, полиция киімдері салынған пакет кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасына 100-ден астам оқ, Калашников автоматына - 107, аңшылық мылтықтан 16 оқ, екі оқ өтпейтін жилет, радиостанция, полиция формасы, камуфляж сөмке, сондай-ақ 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.