08 там, 2020 сағат 09:20

Алматыда карантин кезінде сауна және бильярд клубы жұмыс істеген

Алматыда элиталық сауна және қымбат бильярд клубы карантин кезінде жұмыс істеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше түнде «Бостандық ауданында элиталық сауна жұмыс істеген. Санитарлық нормалар мен талаптарға қарамастан, кешен өз жұмысын жалғастырып және келушілерді таңертеңге дейін қабылдаған. Тексеру кезінде мекемеде 12 адам болды, олардың 9-ы жеңіл жүрісті қыздар болды. Айтпақшы, моншаға барлығы кіре бермейді, ішкі қауіпсіздік қызметі кірудің қатаң жүйесін жүргізді. Бір уақытта дерлік басқа мобильді топ бильярд клубын анықтады. Мұнда 13 адамнан тұратын топ туған күнді атап өткен, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. 

Келушілер, монша кешені мен бильярд клубының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бейнеде көрсетілген мекемелердің иелеріне қатысты 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.