18 ақп, 2020 сағат 09:32

Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып тұр

Алматыда қар көшкіні қаупі бар. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қалада жауын-шашын болу мүмкіндігіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,-делінген синоптиктердің хабарламасында.