Алматыдағы ірі көлік апатының салдарынан ауруханаға түскен 4 адамның біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы орталық қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Марат Алматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәрігердің айтуынша, орталық қалалық клиникалық ауруханаға 20 жастағы төрт жігіт жеткізілді. Біреуі амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді. Екеуі ауруханада жатыр.
«Науқастардың бірі тексеріліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Екеуінің миы шайқалып, денелері көгерген. Жағдайлары тұрақты, палатада жатыр. Бір адам, өкінішке орай, жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр, тұрақты емес, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды», - дейді Орталық қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов
Науқастар барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.