13 сәу, 2023 сағат 17:21

Алматыда ірі мейрамхана сүріліп жатыр

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда ірі мейрамхана сот шешімімен сүріле бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі барысында Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында орналасқан мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған.

Меншік иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады және басқарма Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді" - делінген хабарламада.


Әкімдік мәліметінше, 2022 жылдың 26 тамызында сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Алайда мейрамхана иесі апелляциялық шағым берген. 

19 қазанда қалалық сот бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бес айдан соң, яғни 2023 жылдың 13 сәуірінде нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастады.