ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті жасырын, заңсыз ірі есірткі зертханасының көзін жойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 азамат ұсталды.
Қабылданған шара нәтижесінде, 29 маусымда Алматы қаласы мен шаһар маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.